Тұман, көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады
Солтүстік батыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі
Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 7 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.
Синоптиктер мәліметінше, солтүстік антициклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, сол себепті бүгін негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
— Еліміздің солтүстігінде, орталығында фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қардың жаууы күтіледі. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік батыста, орталықта — жаяу бұрқасын күтіледі, — делінген хабарламада.