Қоғам

«Сәкен мен Мәдина жүрсе, білдірмей жүрсін»: Белгісіз адам Майғазиевтің әйеліне қоңырау шалған

сурет ашық дереккөзден алынды

Әншінің әйеліне әлдекімдер хабарласып, «күйеуі жайлы жаңалық» айтқан.

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әріптесі Мәдина Сәдуақасовамен не байланыстыратынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сәкен Майғазиев «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, әріптесіне қатысты жаңалықты бөлісті.

Әншінің айтуынша, алдағы қалалардағы концертке Мәдина Сәдуақасова да қатысады екен.

«Мәдинамен отбасылық достармыз. «Жақсыда жаттық жоқ» демекші, студент кезімізде дос болдық, «Жас қанатқа» қатысқандардың барлығы бір әулеттің баласындай араласамыз. Мәдина екеумізді жұп қылып қоятын әңгімелерге иммунитет бар. Әрине, «екеуі қырықтың қырқасына шығып, елуді еңсергенде қылық шығарайын деді ме?» деген күмән туындауы мүмкін. Бірақ, Мәдина екеуміз ешқашан әдеп бұзып, оғаш қылық көрсетіп, артық дүние жасаған емеспіз. Мен «мырза» ретінде әйел адамды сатыдан түскенде, көліктен шыққанда, болмаса ұшаққа мінерде «сүрініп қалмасын, құлап қалмасын» деп, қолымды беріп жүретін адаммын. Сол сияқты, Мәдинамен тойда немесе көліктен түсіп жатқанда, болмаса, ұшаққа мінерде көзге түсіп қалған болуымыз керек. Ең өкініштісі, «бұлар оғаш қылық көрсетпеген» деп айтатындар аз. Керісінше, біреу бірдеме десе, өсек-аянға еретіндер көп», – деді өнер иесі.

Әншінің әйеліне әлдекімдер хабарласып, «күйеуі жайлы жаңалық» айтқан.

«Осы орайда, айта кетейін, менің жұбайыма біреу хабарласып, «Сәкен мен Мәдина жүрсе, білдірмей жүрсін де, әйтпесе, бұл не сұмдық» деген ғой. Осылай жаны ашығансып, керісінше отқа май құйғыштар болады. Менің әйелім, «о не дегеніңіз, Мәдинаны да, бала-шағасын да жақсы білемін. Сәкеннен қарағанда Мәдинамен мен көп сөйлесемін» десе әлгі кісі бой бермей, «ешкімге білдірмей жүрмей ме?» деп қоймаған. Сонда әйелім Динара «жүрсе, білдірмейтін еді» деп әңгіменің нүктесін қойыпты», – дейді Сәкен Майғазиев.