Жаңалықтар

Киелі сахна – талғам мен тағылымның ордасы – Аида Балаева

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2024 жылы ел өңірлерінде мәдениет нысандарына қатысты 255 жөндеу және 45 құрылыс жұмыстары аяқталды.

Министр Аида Балаева мәдени ұйымдарда өтетін коммерциялық іс-шаралардың да мазмұнына мән беру керек екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өйткені киелі сахна – талғам мен тағылымның ордасы. Сол себепті де мәртебелі өнердің қадір-қасиетін түсірмей, бәріміз де жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Мәдениет ошақтары саяси лозунгтар мен ұрандардан ада болып, нағыз өнердің кең қанат жаюына жағдай жасауы керек», – деді Аида Балаева.

Министрлік мәдениет саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2024 жылы ел өңірлерінде мәдениет нысандарына қатысты 255 жөндеу және 45 құрылыс жұмыстары аяқталды. Ұлттық музей, Мұхтар Әуезов атындағы драма театры, Наталья Сац атындағы театр және басқа да мәдениет нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.