Қазақстан Сыртқы істер министрі Иордания Елшісін қабылдады

6 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: СІМ
Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті.

Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында сұхбаттастар ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.

Тэгтер:

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі