Таңертең адамдар бақыттырақ болады – зерттеу

6 ақпан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Таңертең адамдар бақыттырақ болады, ал түнгі 00:00-де көңіл-күй нашарлайды

University College London (UCL) жүргізген COVID-19 Social Study зерттеуі таңертең адамдардың көңіл-күйі кешкі уақытқа қарағанда жақсырақ болатынын көрсетті. Ғалымдар 50 000 адамның деректерін зерттеп, таңертеңгі уақыт адамдар үшін ең көңілді кезең екенін анықтады. Бұл тіпті «үкілерге» де қатысты.

Ғалымдардың айтуынша, мұның себебі кофеде емес, кортизол гормонында. Ол таңертең сергектік сыйлайды, ал түнге қарай ағза шаршап, психологиялық жағдай нашарлай бастайды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жұмыс күндері психикалық тұрақтылық жоғарырақ болатынын, ал демалыс күндері көңіл-күй жиі өзгеретінін анықтады.

Тэгтер:

зерттеу адам бақыт