Алматыда балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылады

6 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Жаңа орталық бір ауысымда 250 балаға дейін қабылдап, тірек-қимыл аппараты мен сөйлеуінде кемістігі бар балаларға кешенді оңалту қызметін көрсетеді.

Алматыда бұрынғы оқу-клиникалық орталық ғимараты қайта жаңғыртылып, қалалық балалар оңалту орталығына айналады.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде жобаның түзетіліп, сараптамаға дайын екенін мәлімдеді.

Жаңа орталық бір ауысымда 250 балаға дейін қабылдап, тірек-қимыл аппараты мен сөйлеуінде кемістігі бар балаларға кешенді оңалту қызметін көрсетеді.

Ғимараттың тарихи қасбетін заманауи материалдарды пайдалана отырып қалпына келтіру жоспарланған.

Тэгтер:

Алматы Балалар оңалту орталығы