Жаңалықтар

Павлодарда балмұздаққа барған келіншек 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

istockphoto.com

Ол соттан бір-ақ шықты.

Павлодар облысының сотында Шарбақты ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы жылдың қаңтарында Chevrolet Cobalt көлігін тізгіндеген келіншекті тәртіп сақшылары тоқтатқан. Ол мас болған.

«Сот отырысында келіншік кешкі сағат 20:00 шамасында үйінде 3 стақан коньяк ішіп, сосын балмұздақ алып келу үшін көлікке отырғанын айтты. Кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізген. Соттан көлік жүргізу құқығынан айырмауды сұраған», - деді Шарбақты аудандық соты.

Медициналық куәландыру кезінде әйелдің жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған.

Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамады. Сондай-ақ 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енді.