Сот С.Ахметов ісі бойынша шығын сомасын қысқартты

Сот С.Ахметов ісі бойынша шығын сомасын қысқартты

Сот С.Ахметов ісі бойынша шығын сомасын қысқартты
ашық дереккөзі
№ 2 Қазыбек би аудандық соты Қарағанды әкімінің бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, сондай-ақ, Мұхтар Адамбеков пен Айдос Жакеновқа қатысты талап-арызын қайта қарап шықты. Сот шығын көлемін 17 миллион 310 мың теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 Бұл жолы Қарағанды әкімінің талап-арызын судья Жұмабике Ғалиева қарады. Сот мемлекетке келтірілген материалдық шығынның көлемін азайту туралы шешім қабылдап, өтінішті қанағаттандырды.
«Қарағанды қаласы әкімінің Серік Ахметовтың, Бауыржан Әбдішевтің, Мейрам Смағұловтың, Мұхтар Адамбековтың және Айдос Жакеновтың мемлекетке келтірген материалдық шығынын бөліп төлеу туралы талап-арызы қанағаттандырылсын. Сот алдына келгендерден жергілікті бюджеттің есебіне 17 310 000 теңге өндірілсін», - делінген соттың шешімінде. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендердің әрқайсысы 103 806 теңге ретінде мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.