ШҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Отырыста ШҚО-дағы цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының қазіргі жағдайы қарастырылды.
«Цифрландыру мемлекеттік және муниципалдық деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бюджет шығыстары, мемлекеттік сатып алулар, тендер нәтижелері және басқа да мәліметтерді қамтиды. Мұндай ашықтық қоғам тарапынан бақылау жүргізуге ықпал етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», - деді «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі Болатбек Закимов
Отырыста цифрландыру үдерісінде ашықтықты қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін төмендету және ақпараттық қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.