Қазақстандықтар қаңтарда зейнетақы қорынан 80 млрд теңге шешіп алған

5 ақпан, 2025 / Админ
istockphoto.com
Бұл қаражат үй алуға және тіс емдеуге жұмсалған.

Қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қазақстандықтардан 90 мыңға жуық өтінім келіп түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен айда ел азаматтары зейнетақы қорынан 80 млрд теңгеге жуық ақша шешіп алған.

Оның 48,4 млрд теңгесі тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал 30,2 млрд теңгесі тіс емдеуге  жұмсалған.

Бұл көрсеткіш 2024 жылғы желотоқсанмен салыстырғанда үштен бірге азайған. Алайда сарапшылар ақша шешу алты ай бойы қарқынды жүретінін айтады.

 

Тэгтер:

зейнетақы жинағы