2025 жылғы 26-27 ақпан күндері аралығында Үндістан мемлекетінің Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам мемлекетінің 200-ге жуық балуаны қатысады.
Екі күнге созылатын чемпионатының бағдарламасына сәйкес, спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайды.
Екіжылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Сарипова Зарина, Нұрмахамметова Рауза және Нысантайқызы Роза сынды үздіктер бар.
Өтетін орын: Үндістан, Дели қаласы.
Басталуы: 26-27 ақпан, сағ. 10.00
Салтанатты ашылу: 26 ақпан, сағ. 15.00