Азия ойындары: Қазақстандық керлингшілер алғашқы жеңісіне қол жеткізді

5 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz
Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.

Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

 Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.

Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс. Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.