Щучинскте есірткі өндіретін зертхананы ұйымдастырған күдікті ұсталды

5 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz
Тергеу іс-шаралары кезінде жедел қызметкерлер жабдықты тәркілеп, қылмыстық іс қозғады

Щучинск қаласында  фитозертхананы ұйымдастыру фактісі анықталды. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді жергілікті тұрғын өз пәтерінде өсіруді жоспарлаған.

Тыйым салынған заттар өндірісін жолға қою үшін интернет арқылы қатысушы қажетті жабдыққа тапсырыс берген: фитобокстар, жарықдиодты шамдар, фитолампалар және басқа заттар. Сонымен қатар ақмолалық қажетті тұқымды сатып алып, алғашқы өнімді күткен. Осы жерде полиция қызметкерлері сұр-жасыл түсті, белгілі бір иісі бар, марихуана бар қорапты тапты.

Тергеу іс-шаралары кезінде жедел қызметкерлер жабдықты тәркілеп, қылмыстық іс қозғады. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Полицейлер 2025 жылдан бастап Қазақстанда есірткі өндіргені үшін жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылғанын еске салады.

Тэгтер:

есірткі бизнесі Щучинск