Жаңалықтар

Қызметкерлердің жалақысын төлемеген кәсіпорындар жауапқа тартылды

istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғады.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Тимирязев аудандарында ауыл шаруашылығымен айналысатын 4 кәсіпорын үш ай бойы 254 қызметкердің 137,4 млн теңге көлемінде жалақысын төлемеген.

Аққайың ауданында оқу орындарының 123 қызметкеріне арнайы киім-кешек (мақта матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, т.б.) берілмеген.

 Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жалақы бойынша берешек толық өтелді, қызметкерлерге арнайы киім-кешек берілді, кінәлі тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

 Қадағалау органы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігін, оны бұзу заңмен белгіленген жауапкершілікті талап ететіндігін еске салады.