Жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі табылды

ontustiktv.kz

Полицейлер жоғалған адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған Бәйдібек Ақмырзаұлы өлі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Massaget.kz-ке сілтем жасап.

Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайда шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.

"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып, байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.

Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданды.

Аталған ақпаратты Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полицейлер жоғалған адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Көзбен шолып шыққанда зорлық-зомбылықпен өлім белгілерін анықталған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.