Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады

5 ақпан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
Бұл айда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы

Қазақстандықтар наурыз айында жалпы сегіз күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

8 наурыз сенбіге түскендіктен, бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер 8, 9, 10 наурыз күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан – 21-25 наурыз аралығында демалады.

Сонымен қатар биыл қасиетті Рамазан айы да наурызға тұспа-тұс келеді. Ораза наурыздың 11-інде басталып, 29-ында аяқталады. Ал 26-нан 27-не қараған түні – Қадір түні аталып өтеді.