Оралда ер адамды пойыз қағып кетті
Ол оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдай бүгін, 4 ақпан күні, күндіз болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адамды Орал стансасында пойыз қаққан. Ол ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі «Теміржол көлігін жүргізу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеліп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мамандар қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.