Жаңалықтар

Қосшы тұрғыны 33 адамды 67 млн теңгеге алдап кеткен

istockphoto.com

Косшы қалалық сотының үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тауарларды (тұтыну тауарларын) жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 млн астам қаражатын иемденді.

Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында азаматша, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды нарықтағы төмен бағамен жарнамалады. Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Косшы қалалық сотының үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енді).

Азаматтарды онлайн транзакциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырамыз.