2024 жылы қатерлі ісіктен болатын өлім 3,2 пайызға төмендеген

4 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 40 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, ал обырдан жылына 12 мыңнан астам адам қайтыс болады. 

Обырдың келесі түрлері ең көп таралған: 

2024 жылдың соңында 230 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық. 

Онкоскринингтерді, заманауи диагностикалық технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ онкологиялық дәрігерлердің біліктілігін арттыру ауруларды ерте анықтау деңгейінің өсуіне және өлімнің төмендеуіне ықпал етті. 

Қабылданған шаралардың арқасында 2024 жылы 0-І сатысында онкологиялық аурулардың жаңа жағдайларының 31,4%-ын анықтауға, сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлімді 3,2%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін ұсынылады.

Мемлекет МӘМС жүйесіндегі пациенттің мәртебесіне қарамастан, онкологиялық ауруларды диагностикалауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және емдеуге арналған барлық шығыстарды жабады. 

Министрлік азаматтарды емханаларда үнемі тегін онкологиялық скринингтерден өтуге және онкологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда дереу медициналық мекемелерге жүгінуге шақырады.