Астана әуежайына айыппұл салынды
Астана әуежайына айыппұл салынды
Көлденең табыс табуды ойлаған Астана халықаралық әуежайы енді айыппұл төлейді. Мекеме әкімшілігі әуежайға келуші көліктерге арналған тұрақта тегін тұру уақытын 30 минуттан 20-ға дейін қысқартқан болатын. Нәтижесінде әуежай қазынасына - 57 миллион 317 мың 830 теңге пайда түскен.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қалалық департаменті осы істің мән-жайын анықтап, тиісті заңнаманың бұзылғанын растады. Мамандандырылған аудан-аралық соты Астана халықаралық әуежайын әкімшілік жазаға тартып, табыс көлемінің бес пайызы мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Енді пайдаға кенелуді көздеген әуежай әкімшілігі 7 милион 816 мың теңге айыппұл төлейді. Сонымен қатар, авто-тұрақтан түскен 57 317 830 теңге де тәркіленді.