Жанып жатқан көліктен адамдарды құтқарып қалған қызметкер марапатталды
2 ақпанда Астанадағы апатта Мырзабаев отбасымен өтіп бара жатып, өртті сөндіріп, зардап шеккендерді құтқаруға көмектесті.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 2 ақпанда түнде Астана қаласының Есіл ауданында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан өрт шықты. Алтай Мырзабаев отбасымен бірге өтіп бара жатып, дереу өрт сөндіргішпен зардап шеккендерге жүгіріп шықты.
«ТЖМ күштері келгенге дейін өртті сөндіріп жатқанда, жанымда тұрған куәгерге 112 нөміріне хабарласуын сұрап, кейін келгендердің барлығына өрт сөндіргіштерді әкеліңдер деп айқайладым! Содан кейін соққыдан қысылған екінші көліктен зардап шеккен екі адамды құтқаруға кірістім», - деп қаһарманымыз еске алады.
Өрт жедел сөндірілді, зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.