3 ақпанда Алматыда Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтуі керек еді, бірақ өтпеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот өтті, алайда іс қаралмаған.
«Сот отырысы өтті, бірақ іс қаралмай, басқа уақытқа шегерілді. Сот жабық өткендіктен, отырыстың неліктен кейінге шегерілгенін білмейміз», – делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін бұл іс 31 қаңтарда қаралады деп жоспарланып, бірақ 3 ақпанға шегерілген. Әншіге қатысты қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») іс қозғалған.