Жамбыл облысының Қордаай ауданында жолдың жабық учаскесінде қар құрсауында 5 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен оларға жетіп, оларды Отар ауылына эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
«ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!», — делінген ведомство таратқан хабарламада.