Жол апатының салдарынан қазақстандық файтер титулды жекпе-жекте өнер көрсетпейді

3 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
ФОТО: Getty images
Оның қарсыласы жол апатына ұшыраған.

OCTAGON лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий Кичигин (31-10) OCTAGON 70 мерейтойлық турниріндегі жекпе-жектен айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (14-4) ауыр жол апатына ұшырап, 23 ақпанда Алматыда өтетін жекпе-жекке қатыса алмайтын болды.

Қазіргі уақытта Мирзаматовтың орнына басқа қарсылас табыла ма, әлде «Рыцарьдың» чемпиондық белбеуін қорғау жекпе-жегі мүлде өтпей ма белгісіз.

Айта кетейік, бұл чемпиондық кездесу 2024 жылы қаңтарда өтуі керек еді, бірақ сол кезде Мирзаматов салмақ өлшеу рәсімінен өте алмаған болатын.

OCTAGON 70 мерейтойлық турнирінің басты жекпе-жегінде танымал тәжікстандық файтер Камиль Карате қазақстандық актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтармен BMF титулын сарапқа салады.

Тэгтер:

спорт файтер