ЖШС қызметкері кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алып жатқан кезінде қолға түсірді.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер оны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.