Желіде Жезқазғандағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады
Видеода ер адам кілемге оралып, бөлшектелген мәйітті иығына салып, көтеріп бара жатырған көрсетілген
Жезқазғанда ер адамның денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған оқиғаның видеосы жарияланды.
Кадрда әйел мен ер адамның қоқыс контейнеріне бара жатқанын көруге болады. Ер адам кілемге оралып, бөлшектелген мәйітті иығына салып, көтеріп бара жатырған көрсетілген
Ісін жасап болған соң ер мен әйел сәл алыстап, бірнәрсе туралы ақылдасып, алаңсыз кетіп қалды.
Еске сала кетейік, кісі өлтіру оқиғасы 30 қаңтарда Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адамның бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылды.