"Семей" ме, "Семипалатинск" пе?

"Семей" ме, "Семипалатинск" пе?

"Семей" ме, "Семипалатинск" пе?
ашық дереккөзі
Көне шаһардың жасы қанша екендігі туралы нақты бір байлам жоқ болып тұр. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бұл мәселені депутат Қайрат Мирашев көтерді деп жазады 24.kz арнасы.
Оның ойынша, қаланың тарихы үш ғасырмен шектелмейді, одан тереңде жатыр. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын археологтар Семейдің іргесінен тарихы мың жылдан кем емес қала орнын тауып, тіпті ыдыс-аяқ, тұрмыстық қолданыста болған заттар тапқан еді. Ал кейбір тарихшылар «Семей» атауының өзі «Семипалатинск» қамалына қатысы жоқ, мәселен Семейтау деген таудың ежелден-ақ бар екенін айтады.
Қайрат Мирашев, қалалық мәслихаттың депутаты:
- 2018 жылы Семей қаласына 300 жыл толады деп тойламақпыз. Зиялы қауым өкілдері депутаттар атына хат жіберіп, бұл датаны Ресей империясы тұсындағы қамалмен байланыстырып отыр. Ал «Семей» атауының тарихы одан тереңде жатыр. Біз 300 жыл деп тойлап жатсақ, ертең тарихшылар оны зерттеп, ұятқа қалып жүрмейік. Бізде мәслихат жанындағы комиссия бар, қоғамдық кеңес бар. Солармен ақылдасып, жұртшылықпен кеңескеніміз жөн болар. Қалай тойлаймыз? Мәселен, Алматы қаласының тарихы мыңжылмен астасып, Түркістанға 1500 жыл, Таразға 2000 жыл деп жатқанда, біз неге 300 жылмен шектелуіміз керек? Бәлкім, Семипалатинск қамалына 300 жыл, ал Семей қаласына мың жыл деп тойласақ дұрыс болар деп есептеймін.
Елімізде әлі де қазақшалауды күтіп отырған жер су аттары жетерлік. Қазақшалау демей-ақ, байырғы өз атауы - тарихи жерлердің, тұлғалардың есімін беру үрдісі шабандап қалған сияқты.