Шетелдік туристер Шымбұлақ қызметкерлеріне шабуыл жасаған
Оқиға 1 ақпан күні болған.
Әлеуметтік желіде Шымбұлақта болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 1 ақпан күні кешкісін болған. Тау-шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше бірнеше мас шетелдік турист қызметкерлерге тиіскен.
Туристердің бірі кассирді көп күтіп қалған. Ал кассирдің бұл уақытта қолы босамай жатқан. Әуелде сөзбен басталған жанжал соңыра төбелеске ұласқан. Курорт қызметкерлері полиция шақырған.
«Тәртіп бұзғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне табысталды. Осы оқиғаға байланысты ішкі тексеріс жүргізіліп, қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды», - делінген Шымбұлақ хабарламасында.
Оқиғаның барлық қатысушысы полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазір туристерге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.