T-LIFE

IT саласында жұмыс іздеп жүрсеңіз: Amazon, Meta және Google HR-ының 4 кеңесі

сурет: istockphoto.com

Amazon, Meta, Google сияқты алпауыт компаниялардың HR маманы болған Холи Ли өз тәжірибесін бөлісіп, тиімді тәсілдер ұсынды

IT саласында мансап жолын бастау оңай емес, бірақ Amazon, Meta, Google сияқты алпауыт компаниялардың HR маманы болған Холи Ли өз тәжірибесін бөлісіп, тиімді тәсілдер ұсынды. Бұл туралы Business Insider жазды.  Гиганттардың соңынан қууға тырыспаңыз

Google сияқты алып компанияларда бір орынға мыңдаған адам таласады. Алдымен, стартаптар мен орта бизнеске назар аударып, тәжірибе жинап, бірден бірнеше бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік алыңыз.

Тек өз міндетіңізбен шектеліп қалмаңыз

Дизайнерсіз бе? Код жазуды үйреніңіз. Программистсіз бе? Өзіңізді продакт-менеджментте сынап көріңіз. Неғұрлым көпқырлы болсаңыз, соғұрлым жұмысқа орналасу мүмкіндігіңіз артады.

Байланыс орнату аса маңызды

Вакансиялардың 80%-ы таныстар арқылы жабылады. 50 резюме жіберу – уақытты босқа кетіру. Университеттегі таныстарыңызбен, мамандандырылған қауымдастықтарда көбірек араласыңыз.

Сұхбат – емтихан емес, өзін-өзі таныстыру

Өз ойыңызды сенімді, қысқа әрі нақты жеткізіңіз. Іріктеу кезінде сіздің біліктілігіңіз ғана емес, өзіңізді қалай көрсете алатыныңыз да маңызды.