Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болмақ

istockphoto.com

Бұл бастаманы экология министрлігі көтерді.

3 қыркүйекті тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні етіп бекіту ұсынылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Бұл бастаманы экология министрлігі көтерді. Бұйрық «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, «Жеті қазына» бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қырағы қорғаушысы. Бұл тұқымдар біздің тарихымызбен байланысты және олардың шығу тегі ғасырлар қойнауынан бастау алады», - делінген министрліктің құжатында.