Танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сот өндірісінде Кішкенбаев Алмас Бексейітұлына қатысты ӘҚК434-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатыр», - делінген сот кабинетіндегі ақпаратта.
Сот отырысы бүгін, яғни 3 ақпанға белгіленген.
Алмас Кішкенбаевқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, басқа тұлғаларға ерсі әрекеттер жасау, қоғамдық тәртіпті бұзу) айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.