Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

3 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
ҰҚК
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1 521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.

2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1 521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.

Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

ҰҚК қаңтар оқиғасы қару-жарақ Ұрлау