Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза болды

2 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Оқиға 1 ақпанда «Күршім-Қалжыр» тасжолында болған. Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктер соқтығысты. Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Жол апаты Шығыс Қазақстан