Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні Американың Amazon және iTunes чарттарына енді.
Dimashnews сайтының мәліметінше, 30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде ортада болып, 32-ші орынға жетті. Amazon-да "Best Sellers in Songs" санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал "Best Sellers in Pop" категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.
"Smoke" әні 2024 жылдың 26 сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.