Жаңалықтар

Түркістан облысында 44 бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген

istockphoto.com

Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді

Жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленді. Түркістан облысының жаттықтырушылары бұл тізімде көш бастап тұр.

Almaty.tv арнасының мәліметінше, өткен жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметкерлер. Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді.

"Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.