Қазақстандық конькишілер Италиядағы Әлем кубогында екінші алтынды жеңіп алды
Олардың жеңісі Қазақстанға бір күн ішінде екінші алтынды алып келді
Қазақстандық конькишілер Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.
Алена Лифатова, Алина Дәуранова және Арина Ильященко Коллальбода (Италия) өткен Әлем кубогының кезеңінде нео-сеньорлар арасындағы командалық спринтте үздік шықты. Олардың жеңісі Қазақстанға бір күн ішінде екінші алтынды алып келді.
Қазақстандық команда 1:35.56 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын итальяндық спортшыларға бұйырды (1:37.71), ал үшінші орын Норвегия құрамасына (1:39.20) тиесілі болды.