Жаңалықтар

«Жамандыққа қимаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа қатысты пікір білдірді

baq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге ерсі әрекет жасады деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті, деп жазады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.