Спорт

«Қазақ жауынгері» Азия чемпионы атанды

irfin_promotions

Ол Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты

Кәсіпқой бокста «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ол Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа түсірді. Осылайша, аса жеңіл салмақта WBA Asia чемпионы атанды.

Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғап келеді. Қазіргі таңда супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингте 37-орында тұр.