Қоғам

Алматыда күз мезгілінде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

istockphoto.com

Оның өлімінің себебі әлі анықталған жоқ

2024 жылдың күзінде із-түзсіз жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшаларында мәлімдеді.

1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы 26 қарашада үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Наурыз көшесі, 6-үй мекенжайында тұрған.

Ерекше белгілері: бойы – 160 см, дене бітімі – арық, шашы – қара және ұзын, көзі – қоңыр. Соңғы рет оны қара қысқа күртеше мен ашық түсті хиджаб киіп кеткені көрген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Оның өлімінің себебі әлі анықталған жоқ.