Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы Бангкокте (Таиланд) өткен бокс кешінде пәкістандық Хабиб Ур Рехманды екінші раундта нокаутпен жеңді.
21 жастағы спортшы кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізген.
Айта кетейік, 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өткен. Бұл кеште Армат Арманұлы да шаршы алаңға шығып, орта салмақта (72,5 кг) өзбекстандық Анвар Тұраповпен (9-4, 6 КО) жұдырықтасты.
Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жекте екі боксшы да аяғына дейін айқас жүргізді. Нәтижесінде Армат төрешілер шешімімен жеңіске жетті.