Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Қарағанды қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің ауласында өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Дүйсембеков көшесінде болған. Өрт кеңсе ретінде қайта жабдықталған контейнерден басталып, жалпы 60 шаршы метр аумақты шарпыған.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері жалынды жедел сөндіріп, оның көрші контейнерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.