Қостанай облысында жоғалған малшы табылды

31 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамды тапты.

Бүгін таңертен Қостанай облысы Амангелді ауданында 1986 жылы туған ер адам жылқы іздеуге кетіп, үйіне оралмаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Құтқарушылар жедел түрде іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Белгілі болғандай, ер адам далада адасып кеткен, ұялы байланыс болмаған, бұл іздестіруді қиындатқан.

Кешке іздестіру тобы Шөптікөл ауылынан 45 шақырым жерде жоғалған адамды тауып. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетті. Ер адам аман есен үйіне жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Тэгтер:

Қостанай облысы малшы