Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

31 қаңтар, 2025 / Админ
polisia.kz
Ол қазір ауруханаға жеткізілген.

Кеше жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, нәрестенің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде сәбидің анасы анықталды. Ол ұсталып, медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

нәресте сәби