Жаңалықтар

Оралдық студент әкесінен оқу ақысы үшін алимент өндіріп алды

istockphoto.com

Әкесі енді 20 млн теңге төлейді.

2022 жылы Орал қаласының тұрғыны Еуропада оқитын ұлының оқу ақысы мен күнкөрісіне кететін шығынды төлеуге келісіп, мендеттеме алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келісімге сәйкес 4 жыл оқуға (2022–2027 жж.) төлем сомасы 20 млн теңгені құраған. Осы келісім негізінде атқарушылық өндіріс қозғалған. Алайда кейін әкесі қаражатты төлеуден бас тартып, сотқа жүгініп, жеке сот орындаушысының атқарушылық өндірісіне қарсы шағым түсірген.

Сот әкенің әрекеті әділдік пен парасаттылық қағидаттарына сай келмейтінін анықтады.

Студенттің 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Мадридтегі Еуропа университетінде оқитынын растаған, 2023 жылдың қыркүйек және қазан айлары үшін оқу ақысын төлеу туралы құжаттарды, сондай-ақ оқуына байланысты оның Испания Корольдігінде уақытша консулдық тіркелуі туралы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің жауабын ұсынған.

Сол себепті әкесінің оқу ақысын төлеуден бас тарту үшін берген талап-арызы қанағаттандырылған жоқ.