Мәжілістегі«AMANAT» партиясы фракциясының жиыныбарысында депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының елдамуына қатысты берген тапсырмаларын іскеасыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мәжілісмендер елэкономикасының нақты мәселелерін шешу және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында алға қойылған барлық мақсат-міндеттің маңызын атап өтті.
«Президент ұсынған реформалар экономикадағы және өзге де салалардағы бұрыннан бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. «AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының барлық тапсырмасын жүйелі жүзеге асырудың қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Оның бәрі азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Біз реформалардың ілгері бастайтын қадам екенінқоғамға дұрыс жеткізіп, қазақстандықтарды Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған бағыттөңірегінде топтастыруымыз керек», – деді ол.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Төрағасы Үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және оны қолдану шегін төмендету жөніндегі ұсынысы аясында жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыс тәсілдеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Бейінді комитет халықаралық тәжірибені, сондай-ақ оның экономика мен бизнес-ортаға әсерін саралай отырып, осы нормалар бойынша нақты ұстанымәзірлеуге тиіс.
Бұған қоса, Ерлан Қошанов әкімдер корпусы атқаратын жұмыстың тиімділігін арттырумәселесіне баса назар аударды.
«Мемлекет басшысы сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізудің маңызын атап өтті. Президент «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырды. Сонымен қатар, ол осындай жұмыс жүргізіп жатқан «АMANAT»партиясының тәжірибесін ерекше атап өтті. Сайланған әкімдер сайлаушылардың сенімін ақтауға, атқарушы билік жүйесінде жұмыс істеу үшін қажетті құзыретке ие болуға тиіс. Партия Үкіметпен бірге осы міндетті орындауға дайын»,– деді Ерлан Қошанов.
Жиын барысында Президент тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру ісіне қатысты партия фракциясының мүшелері де сөз сөйледі. Нұртай Сабильянов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы баяндады, Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесін жаңғырту және білім беру саласын одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды, Ерлан Саиров әлемдік саясаттағы өзгерістерге бейімделуге және Президенттапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмысқа қоғамды барынша көп тартуға шақырды. Өз кезегінде Болатбек Нажметдинұлы ауыл шаруашылығында барынша тиімді дақылдарды өсіруге басымдық берілуі керек екенін жеткізді, Дүйсенбай Тұрғанов елімізде бірнеше АЭСсалудың маңызын атап өтті, Татьяна Савельева тиімсіз шығындарды оңтайландыруға және бюджет қаражатын толық үнемдеу қағидатына көшуге тоқталды.