Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал
31 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Cиноптиктердің мәліметінше, Астана, Ақтөбе, Атырау, Петропавл қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.