Мәскеуде ер адам екі әріптесін тірідей өртеп жіберген
Қылмыскер мұндай әрекетке ішімдіктің кесірінен барған.
Жаңа Мәскеуде (Ресей) ер адам әріптестері тұрған құрылыс үйін өртеп жіберген. Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға академик Дыхне көшесіндегі құрылыс алаңында болған. Жұмысшы әріптестерімен бірге алкаголь ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, ер адам кек алуға шешім қабылдаған. Екі құрылысшы ұйықтап жатқанда, күдікті оларды өртеп жіберген.
Бұл факт бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі бойынша кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын тексеруді бастады.