Қоғам

«Келіндерімді текті жерден нәсіп еткейсің»: Қыдырәлі Болманов арманын айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов кіші қызының қылығына тамсанған бейнесін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнеде кіші қызы Айзөни мен анасы Қарақат ән шырқаған.

«Алла бере салған баланың былдырлаған үні үйден үзілмегені отбасы үшін өте маңызды. Періште сәбидің әндеткені,сыңғырлаған күлкісі, – бақыттың үні, берекенің белгісі. Сәби тілегенге қос-қостан берсін мейірімді Алла ! Біздің ұлдарымыздың әрқайсына, иманды да ибалы, тәлімді-тәрбиелі, келіндерімді текті жерден нәсіп еткейсің Мейірімді Алла», - деді Қыдырәлі Болманов.

Желі қолданушылар болса кішкентай қыздың сүйкімділігін алға тартып, пікірлер жазып жатты.

«Аялеканың қонжығы өсіп қалыпты, тфәй-тфәй», «Тәтті балапан», «Анасының да даусы күшті екен, аман болсын», «Аналарына ұқсаған әнші болады», - деген пікірлер қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)