Жаңалықтар

Жамбыл облысында 130 жүргізуші жауапқа тартылды

gov.kz

Жамбыл облысында полицейлер автокөліктерді заңсыз жабдықтау және жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударып жатыр.

– Көлік құралының конструкциясына заңсыз өзгерістер енгізу жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осындай бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) 58 980 теңге сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп атап көрсетті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев. 

Рейдтер басталғаннан бері осы бап бойынша 130 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз  жабдықталған көліктер бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.