Әйелдер расымен ерлерге қарағанда көбірек сөйлей ме? – ғалымдар жауабын анықтады
Әйелдердің ерлерге қарағанда әлдеқайда көп сөйлейтіні туралы кең таралған стереотип толықтай шындық емес.
2007 жылы жүргізілген зерттеу де бұл көзқарасқа күмән келтірген болатын. Онда 396 қатысушының сөйлеген сөздері арнайы құрылғы арқылы жазылып, нәтижесінде әйелдер мен ерлер шамамен бірдей – күніне 16 000 сөзден қолданатыны анықталған.
Алайда, сол зерттеу үлгінің аздығы және әртүрліліктің жеткіліксіздігі үшін сынға ұшырады. Сонымен қатар, кейінгі зерттеулер адамның көп сөйлеуі жасына және әлеуметтік жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін көрсетті. Осыған байланысты ғалымдар жаңа, ауқымды зерттеу жүргізіп, бұл тақырып бойынша неғұрлым нақты қорытынды жасауға тырысты.
Зерттеу авторлары нәтижелердің белгілі бір шектеулері бар екенін атап өтті. Колин Тидвеллдің айтуынша, статистикалық белгісіздіктің жоғары болуы, зерттеуге қатысушылардың әртүрлілігінің төмендігі, әлеуметтік контекстердегі сөйлеу ерекшеліктерінің қарастырылмауы – басты шектеулердің бірі.
Зерттеу “Are Women Really (Not) More Talkative Than Men? A Registered Report of Binary Gender Similarities/Differences in Daily Word Use” деп аталады және оған Колин А. Тидвелл бастаған көптеген ғалымдар қатысты.